Асжапырақ және рикоттамен толтырылған қабыршақтар

45 мин.
4
21
CAPPELLO BIANCO CONCHIGLIE RIGATE
200 г
Мұздатылған асжапырақ
200 г
Рикотта ірімшігі
100 г
Қабығы аршылған қызанақ
400 г
Майдалап туралған сарымсақ
2 түйір
Зәйтүн майы
1 ас қасық
Тұз және бұрыш
Дәміне қарай
Гүлшетен, жебіршөп, прованс шөптері
Дәміне қарай

ДАЙЫНДАУ ӘДІСІ:

  1. Қайнаған тұзды суда CAPPELLO BIANCO CONCHIGLIE RIGATE пастасын al dente күйіне дейін 13 минут пісіріңіз. Бір-біріне жабысып қалмас үшін суық сумен шайыңыз. 
  2. Асжапырақты қысқа толқынды пеште немесе кішкене кәстрөлде баяу отта ерітіңіз.
  3. Рикоттаны ұсақтап, асжапыраққа қосыңыз. Тұз бен бұрыш қосыңыз. Кейінге қалдырыңыз.
  4. Шағын кастрюльде 1 ас қасық зәйтүн майын қыздырыңыз. Майдалап туралған сарымсақты қуырыңыз. Оның қызаруы емес, жай ғана аздап боялғаны маңызды.
  5. Аршылған қызанақты ұсақтап тураңыз, кәстрөлге қосыңыз. Тұз бен бұрыш қосыңыз.
  6. Дәміне қарай хош иісті шөптерді қосыңыз (жебіршөп, гүлшетен, прованс шөптері). 10 минут баяу отта бұқтырыңыз.
  7. Пешті 175 °C дейін қыздырыңыз.
  8. Шай қасықпен қабыршақтарды асжапырақ және рикотта салмасымен толтырыңыз. 
  9. Қызанақ тұздығын ыстыққа төзімді табаның түбіне құйыңыз. Қабыршақтарды қызанақ тұздығының үстіне қойыңыз.
  10. 10-15 минут пісіріңіз. Тағам дайын, buon appetito!
KZ RU EN