Фузилли және гриль тауығы қосылған салат

35 мин.
4
19
CAPPELLO BIANCO FUSILLI пастасы
250 г
Цуккини
4 шт.
Жаңа сығылған лимон шырыны
3 ас қасық
Дәміне қарай тұз және жаңа ұнтақталған қара бұрыш
Дәміне қарай
Терісі жоқ тауықтың төс еті
500 г
Зәйтүн майы
2 ас қасық
Анчоус сүбесі
3 дана
Сарымсақ
2 түйір
Қызыл болгар бұрышы
1 дана
Ұсақ туралған насыбайгүл
50-70 г

ДАЙЫНДАУ ӘДІСІ:

  1. Гриль табасын қыздырыңыз 
  2. Қайнаған тұзды суы бар үлкен кәстрөлде фузиллиді 12 минут пісіріңіз. Суды ағызып, үлкен ыдысқа салыңыз. 
  3. Цуккиниді ұзына бойына екіге бөліңіз, кесектеріне 1 ас қасық лимон шырынын жағыңыз және тұз бен бұрыш қосыңыз.
  4. Цуккиниді орташа-қатты отта төмен қаратып, гриль табасында олар қызарғанша шамамен 3 минут қуырыңыз. Төңкеріп, бүйірлеріне жылжытыңыз.
  5. Тауықтың төсін 2 шай қасық зәйтүн майымен майлап, тұз бен бұрыш қосыңыз. Тауықтың төстерін гриль табасының ортасына салыңыз да, пісірілгенге дейін әр жағынан шамамен 5 минут пісіріңіз.
  6. Тауық пен цуккиниді табаққа салыңыз да, 5 минутқа қалдырыңыз.
  7. Кішкене ыдыста өте ұсақ туралған анчоусты, туралған сарымсақты, қалған 2 ас қасық лимон шырынын және зәйтүн майын араластырыңыз, тұз бен бұрыш қосыңыз. 
  8. Тауық,, цуккини мен қызыл бұрышты кішкене бөліктерге кесіңіз. Фузиллиге туралған көкөністерді қосыңыз. Анчоус дәмқосарын қосып, жақсылап араластырыңыз.
  9. Майдалап туралған насыбайгүл себіңіз, соңғы рет тұз бен бұрыш қосыңыз, қажет болса, қайтадан араластырыңыз және үстелге беруге болады. Buon appetito!
     
KZ RU EN